«ҚР азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт жағдайдан әскери жағдайға көшіру» жаттығуы аясында өңірде аумақтық бөлімшелерді жоғары жауынгерлік дайындық дәрежелеріне көшіруге дайындық бойынша іс-шаралар өткізілді, жеке құрам мен басшы құрамды хабарландыру және жинау бойынша жедел кезекшілердің іс-қимылдарының жеделдігі, қызметкерлердің уақытылы келуі, жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығы, сыртқы келбетке қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ дабыл чемодандардың толықтырылуы тексерілді. Жұмылдыру дайындығы бөлімшесі жеке құрамды қабылдау пунктісінде практикалық сабақтар ұйымдастырды. Жинақтау эвакуациялық пунктісіне шолу жасалды.Бұл штабтық жаттығу облыс қорғаныс кеңесінің практикалық іс-қимылдарын, әскери жағдай жағдайында азаматтық қорғаныс қызметтерімен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимылды пысықтауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









