Өскемен қаласы Молдағұлова көшесінде орналасқан кәсіпорын аумағындағы металл қоймада өрт шықты.
Қойма ішінде автокөлік дөңгелектері, түрлі құрал-жабдықтар мен арнайы техника сақталған. Өрт салдарынан екі трактор зақымданды.
Өртті сөндіру жұмыстары қойма ішіндегі қою түтін мен жанғыш материалдардың көп болуына байланысты қиындады. Судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндірушілер жақын маңдағы өрт гидранттарынан су алып, магистральдық желілер тартты.
Қабылданған шаралар мен өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт 70 ш.м. алаңда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









