Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

    1 / 3

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

    Бүгін округ әкімі қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Дөңгелек үстел барысында мекеме тарапынан көрсетілетін 6 мемлекеттік қызмет түрі бойынша түсіндіру және пысықтау жұмыстары жүргізілді.

    Атап айтқанда:

    1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

    2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

    3. Жер учаскелерін алу үшін кезекке қою;

    4. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

    5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы сату;

    6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту. Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметтерді «Электрондық лицензиялау» порталы арқылы алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Сондай-ақ ауылдық округ әкімдігі ғимаратында тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы, оның қолжетімділігі мен сапасы талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары