Ақтау қаласында «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілген аумақтарды абаттандыруда.
Қазіргі уақытта жұмыстар 26, 27 және 28А шағын аудандарында жүргізілуде. Мамандар асфальт жабындысын төсеп, жаяу жүргіншілер жолдары мен бордюрлерді қалпына келтіруде.
Жоспарға сәйкес, келесі кезекте 11, 12, 28 және 29 шағын аудандарында асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, кәсіпорын 2 мың шаршы метр аумақта асфальт жабындысын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Алдағы уақытта кәсіпорын қала аумағындағы өзге де учаскелерде қалпына келтіру жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастырады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









