Бүгін, 26 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақтау қаласында көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында қала әкімінің орынбасары Аида Садатқызы аналарды қала әкімінің атынан құттықтап, олардың отбасы мен қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан берілген мемлекеттік наградаларды табыстады.
Рәсім барысында барлығы 22 ана марапатқа ие болды. Атап айтқанда, 6 анаға «Алтын алқа», 16 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.
Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрмет пен ана еңбегіне берілген жоғары баға үшін алғыстарын білдірді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









