«Аялдауға тыйым салынады»: 17-шағын ауданға жаңа жол белгісі орнатылды

    1 / 2

    Қала тұрғындарының өтініштері мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының 17-шағын ауданында 3.27 «Аялдауға тыйым салынады» жол белгісі орнатылды.

    Аталған шара көлік қозғалысын реттеуге, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Осыған орай, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, орнатылған жол белгілерінің талаптарына мұқият болуды сұраймыз.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары