Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін іс-қимылдарға дайындау» тақырыбы аясында құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізілетінін хабарлаймыз.
Тексеру барысында сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, сынақ режимінде жұмыс істейтін болады.
Іс-шара 2026 жылғы 24 қараша күні сағат 11:00-де өткізіледі.
Құрметті тұрғындар, бұл – жоспарлы тексеру жұмыстары. Сондықтан сабыр сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









