Абаттандыру, тазалық: Ақтауда мониторинг жұмыстары жүргізілуде

    1 / 10

    Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында құрылыс талаптарының сақталуы, абаттандыру және санитарлық тазалық бағыттары бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

    Іс-шара барысында 18-шағын аудандағы бірнеше тұрғын үй аумағында ретсіз орналастырылған құрылыс материалдары анықталып, оларды алу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, айыппұлдар салынды.

    Бұдан бөлек, 17-шағынауданда заңсыз орнатылған мобильді павильон алынып, қалалық мешіт аумағы қоқыстан тазартылды.

    – Қазіргі таңда құрылыс компанияларының өкілдеріне нысандардың қоршауларын ретке келтіру тапсырылды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарқынды жалғасады. Сондықтан да тазалық және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бегалы Хожахметов.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары