Заңға құрмет- болашаққа сенім!

    1 / 3

    Абай шағын орталық мектебінің АКТ-залында «Заңға құрмет- болашаққа сенім» атты тақырыбында кездесуі өтті.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
    Т.Рысқұлов АПБ-нің ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенаты М.Жантұрғанов, Т.Рысқұлов АПБ-нің ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенаты Е.Ж.Топатаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойайдаров, мектеп директорының орынбасары С.Өскенбаева, Абай орта мектебіннің психолог маманы Өскенбаева Гулнара мен 8-11 сынып оқушылары қатысты.

    1.Тұрар Рысқұлов АПБ ҚҚб ЮПТ УПИ полиция аға лейтенаты Е.Топатаев құқықтар мен міндеттері , заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау туралы түсінік берді.

    2. Т.Рысқұлов АПБ-нің ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенаты М.Жантұрғанов оқушыларға буллинг пен кибербуллигтің алдын алу, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану және құқық бұзушылық орын алған жағдайда кіммен көмек сұрау керектігі түсіндірілді.

    3. Абай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қойайдаров, жасөспірімнің отбасындағы негізгі құқықтары қандай және отбасындағы тәрбие, баланың құқығын қорғау және қиын жағдайдағы отбасыларға көрсетілетін көмектер туралы баяндады.

    4. Абай орта мектебіннің психолог маманы Өскенбаева Гулнара жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, құқық бұзылған жағдайда психологиялық көмекке жүгінудің маңызын атап өтті.

    Іс-шара соңында жасөспірімдер мен қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, УПИ қызметкерлеріннен жауаптар алды. Өз ойларын білдіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары