Абай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Шолақ 85 жылдығына арналған «Өлеңім- ойдың өрнегі» атты поэзия сағаты Абай орталық мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы, еңбектеріне қысқаша тоқталып, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы әңгімеледі. Қуандық Шолақ –қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақынның әдебиет әлеміндегі орны, өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі, ақын есімі мен өлеңдері ұрпақ жадында сақталатыны айтылды. Ақының табиғат, туған жер, ел мен адам тағдыры тақырыптарында өлеңдері оқушылар назарына ұсынылды.
Сондай-ақ оқушылар ақын поэзиясындағы туған жер, табиғат әсемдігі , сағыныш, адамгершілік, адам тағдыр тақырыптарындадағы жыр -шумақтарын мәнерлеп оқып, шығармашылығындағы көркем сөз бен терең сезімді жеткізе білді. Шара соңында ақынның «Жыр болып жеткен жүрек үні» атты бейне слайд көрсетілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






