«Кітап оқитын ұлт!» республикалық кітап оқу марафоны

    «Кітап оқитын ұлт»-Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту мен зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған ауқымды мемлекеттік және қоғамдық жоба әрі республикалық марафоны басталғанына біршама уақыт болды.

    2027 жылғы наурызға (9 наурыз) дейін жалғасатын бұл марафон, «Оқитын ұлт» тұжырымдамасын іске асыру 2027–2031 жылдарға арналған.Шарты:қатысушылар таңдаған бағыт бойынша 15 кітап оқиды.

    Мектеп оқушылары («Кітап оқитын мектеп»), колледж және ЖОО білім алушылары («Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет»), отбасылар («Кітап оқитын әулет») және басқа да санаттар қтыса алады. Марафон аясында: 5 кітап үшін — «Талапты оқырман» қола белгісі, 10 кітап үшін — «Жігерлі оқырман» күміс белгісі, 15 кітап үшін — «Зерделі оқырман» алтын белгісі беріледі.

    Жүлделер:финалда 10 «Жыл оқырманына» 10 млн теңгеден қарастырылған; өңірлік кезеңде 600 000, 450 000 және 300 000 теңге көлемінде жүлделер бар. Қосымша ұпайлар пікір мен бейнепікір үшін есептеледі.

    Осыған орай жалпы кітап сүйер қауымды – кітап оқуға шақырамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары