Болашақ ҚР ТЖМ жүйесінде

    ШҚО ТЖД қызметкерлері Өскемен қалалық мектептерінің оқушыларымен және олардың ата-аналарымен интерактивті кездесу өткізді. Кездесу ШҚО білім басқармасының«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы»КММ алаңында өтті.

    Негізгі тақырып бейінді білім алу мүмкіндіктері және азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу перспективалары болды.

    Оқушыларға азаматтық қорғау Академиясына түсу шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып, іріктеудің төрт негізгі кезеңін атап өтті: құжаттарды тапсыру, бейіндік пәндер бойынша ҰБТ тапсыру, Медициналық және психофизиологиялық іріктеуден өту, сондай-ақ дене дайындығын тексеру.

    Ата-аналарға азаматтық қорғау органдарына бос лауазымдарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат жеткізілді. Қазіргі уақытта өрт сөндіруавтомобильдерініңжүргізушілерінжұмысқа қабылдаужүргізілуде. Үміткерлерге қойылатын міндетті талап – «В» және «С»санаттарындағы жүргізуші куәліктерінің болуы. Қызметтің артықшылықтарына ерекше назар аударылды: еңбек сіңірген жылдары мен арнаулы атағын ескере отырып, тұрақты жалақы, сауықтыру жәрдемақысын төлеу, ай сайынғы тұрғын үй төлемдері және заңнамада белгіленген шарттар сақталған жағдайда зейнетақымен қамтамасыз етуқұқығы.

    Кездесу соңында ШҚО ТЖД қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсініктемелер берді.

    Мұндай кездесулер жастарға болашақ мамандығынтаңдауғаал ересектерге – ҚР ТЖМ жүйесіндегі тұрақты және әлеуметтік қорғалған қызметтің мүмкіндіктері туралы білуге көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары