Мүгедектікті белгілеу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылатын медициналық құжаттар мен мәліметтердің шынайы болуы аса маңызды.
Медициналық-әлеуметтік сараптама адамның денсаулық жағдайын, организм функцияларының тұрақты бұзылуын және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.
Осыған байланысты мүгедектік белгілеу мақсатында медициналық құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, қолдан жасалған құжаттарды немесе денсаулық жағдайы туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты ұсыну заңнама талаптарына қайшы келеді. Мұндай әрекеттер денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесіне деген сенімді төмендетіп, мүгедектіктің негізсіз белгіленуіне әкелуі мүмкін.
Медициналық құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда олар белгіленген тәртіппен қайта тексерілуі мүмкін.
Осы ретте медициналық-әлеуметтік сараптамаға тек шынайы, толық әрі тиісті түрде расталған медициналық құжаттарды ұсынуды сұраймыз.
Өз құқықтарыңызды біліңіздер. Заңнама талаптарын сақтаңыздар.
Заң және тәртіп – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
#Заңжәнетәртіп #Законипорядок #еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау #министерствотрудаисоциальнойзащитынаселения #ЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауШымкент
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









