Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер

    29 маусым 2023 жылғы 260 бұйрыққа бірқатар өзгерістер еңгізілді.
    Бірінші өзгеріс – медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі.
    Қағидалардың 4-тармағында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін қызмет алушының дербес деректерін жинауға және өңдеуге, сондай-ақ медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі болуы қажеттігі нақтыланды.
    Екінші өзгеріс – МӘС-ке жолдау мерзіміне қатысты.
    Жалпы тәртіп бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз қойылған күннен бастап кемінде төрт ай өткен соң жолдау жүзеге асырылады.

    Бұл талаптан қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктері бар адамдар, 21-хромосома бойынша трисомиясы (Даун синдромы) бар адамдар, сондай-ақ организм функцияларының едәуір немесе өте айқын бұзылыстары бар, оңалту әлеуеті жоқ және паллиативтік көмек алатын жазылмайтын аурулары бар адамдар ерекшеленеді.

    Үшінші маңызды өзгеріс – сырттай проактивті куәландыру тәртібін кеңейту.

    Омыртқа жарақаттарының салдарынан жұлынның анатомиялық үзілуі, төменгі параплегия және тетраплегия жағдайларында алғашқы және қайта куәландыруды сырттай проактивті форматта өткізу қарастырылған.

    Сонымен қатар, жеке оңалту бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында барлық нозологиялар бойынша сырттай проактивті куәландыру мүмкіндігі қарастырылған.

    Өзгерістердің негізгі мақсаты – медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімдерін оңтайландыру, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру, артық әкімшілік рәсімдерді азайту және сараптама жүргізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету.

    Осыған байланысты МӘС мамандары жаңартылған нормативтік талаптарды күнделікті қызмет барысында басшылыққа алып, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуі қажет.

    Қорытындылай келе, енгізілген өзгерістер медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары