РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Нығметжан Жанерке «Құқық негіздері» пәні бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді!
Шәкіртін білім нәрімен сусындатып, биік белеске жетелеген жетекшісі Нугманова Гулдана Максимовнаға зор алғыс білдіреміз!
Аталған білім бәсекесінде Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Шайхиев Азиз орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша бақ сынап, республикалық кезеңнің қатысушы грамотаға ие болды. Жетекшісі – Кенжегарин Жауынгер Мусиевич.
Азиз бен Жанеркеге алдағы ҰБТ-да сәттілік, жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз! Ауданымыздың мақтанышы болып жүре бер!
Оқушыларымызды білім додасындағы тәжірибесімен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








