«Табысты мектепке дейінгі ұйымның заманауи моделі» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды
2026 жылғы 19 қарашада Сырым ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған «Табысты мектепке дейінгі ұйымның заманауи моделі» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты — сапалы білім мен тәрбие беретін, баланың жеке дамуына бағытталған, заманауи технологиялар мен тиімді басқару шешімдерін ұштастырған үздік тәжірибелерді анықтау және тарату.
Сайыс екі кезеңнен тұрды:
І тур (онлайн): «Табысты ұйымның тынысы» тақырыбында бейнеролик ұсыну;
ІІ тур (офлайн): білім беру ұйымының заманауи моделін қорғау.
Қазылар алқасының шешімімен:
🏆 «ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ» номинациясын «Айналайын» бөбекжай-бақшасы (меңгерушісі — Д.Нуриденова) жеңіп алды.
https://youtu.be/iX8-FaLDHIQ?si=pQLNjH0u71Wls_CP
Жеңімпаз ұйымның жұмысы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
📜 Сертификатпен Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені (әдіскері — Г.Избулатова) марапатталды.
https://youtu.be/UsiX4R1W3Ds?si=Vg49UI38mXXvcL8F
Жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! «Айналайын» бөбекжай-бақшасына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
МДҰ әдіскері
А.Махсотова
«Табысты мектепке дейінгі ұйымның заманауи моделі» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








