ДАМУ - КӘСІБИ ОРТА МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
20 қараша күні Аралтөбе орта мектебінің базасында «DAMU» заманауи мектеп директорының кәсіби дамуы аудандық жобасы аясында тәжірибе алаңы өтті.
Бұл жобаға негіз - мектеп директорларының өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен танысуына және басқару жұмысында қолдануға болатын тиімді әдістерді үйренуіне мүмкіндік жасау.
Тәжірибе алаңын Аралтөбе орта мектебінің жұмысымен танысудан бастадық. Мектеп ұжымы «Идеядан іске» бағыты бойынша мектепішілік жобаларын, «Көшбасшылық және даму» бөлімінде басқару тәжірибесін таныстырды. «Ұстаз әлеуеті» аясында педагогтердің кәсіби жетістіктері мен авторлық жұмыстары, «Зерделі ұрпақ» бөлімінде олимпиадалар мен ғылыми жобалардағы оқушылардың жетістіктері көрсетілді. Ал «Өнерлі өрендер» оқушылардың шығармашылық және спорттық табыстарын паш етті.
Кездесудің келесі бөлімінде аудандық шығармашылық топ өз жұмыстарын ұсынды.
«Білімдегі жоба» тақырыбында барлық түрдегі жоба жұмыстарын әзірлеу және жүзеге асыру жолдары таныстырылды.
«Талдау және стратегиялық шешім» бөлімінде білім көрсеткіштерін талдау және сол деректер негізінде дұрыс шешім қабылдау мәселелері мен жасанды интеллекті арқылы басқару құжаттарын рәсімдеу жолдары қарастырылды.
Аудан мектептерінің оқу ісі орынбасарларының өздері жасақтаған жаңа платформалары: «Кері байланыс: ЖИ мүмкіндіктері» жасанды интеллектіні әдістемелік жұмыста қолдану және «Директордың электронды қойын кітапшасы» мектеп басшысының күнделікті жұмысын жүйелеуге арналған цифрлық мүмкіндік тақырыбында таныстырылды.
Сондай-ақ, БЖШО мамандары ұйымдастыруымен «Басшының қарапайым емес шешімі» және «Директор, бірақ рөлде!» тақырыбындағы мотивация бөлімінде түрлі басқарушылық жағдайлар ортаға салынып, мектеп директорларының шешім қабылдау дағдылары тәжірибе жүзінде сыналды.
Аралтөбе ОМ басшылығы «Мектеп менеджменті» мектепті тиімді басқарудың негізгі бағыттары мен «Директор шешімі: мектепті дамытудағы нақты қадамдар» атты басқарушылық кейс барысында мектеп дамуындағы басшы ролі мен тәжірибесін таныстырды.
Бұл жерде Аралтөбе орта мектебі мектепішілік жоба жұмыстарын мектеп дамуының негізгі қадамы ретінде тиімді пайдаланып отырған жетекші мектеп екендігін айта кету керек.
Қорытындысында мектеп ұжымы мен оқушыларының дайындаған «Сырымның сазды әлемі: туған жерден туған жырлар» атты мәдени бағдарламасын тамашаладық.
«DAMU» тәжірибе алаңы мектеп тәжірибесі мен аудандық шығармашылық топтың әдістемелік ізденістерін бір арнаға тоғыстырады. Бір мектеп өз жұмысын таныстырып, шығармашылық топ жаңа әдістер мен құралдарды ұсынады, ал мектеп басшылары өз тәжірибелеріне қажетті идеялар алады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








