Алматыда «Салтанат» ансамблі 71-ші концерт маусымын ашты

    1 / 7

    Almaty Theatre сахнасында «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 71-ші концерт маусымын «Ұлыларға тағзым» атты концертпен ашты.

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған кеште қазақтың ұлттық биі мен Азия халықтары би өнерінің озық үлгілері көпшілікке ұсынылды.

    Концерт бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. «Ұлыларға тағзым» атты алғашқы бөлімге қазақ композиторларының шығармалары мен ұлттық билер енген. Өнерпаздарды «Salt Sound» фольклорлық ансамблі сүйемелдеді.

    «Азия аңыздары» атты екінші бөлімде түрік және қытай халықтарының жаңа би қойылымдары алғаш рет сахналанды.

    «Салтанат» ансамблі жаңа маусымда да ұлттық би мұрасын сақтау, оны кеңінен насихаттау және көрерменді түрлі елдердің би өнерімен таныстыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары