Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Кітап оқитын ұлт – рухани жаңғырудың тірегі» атты жиын өтті. Кездесуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріндегі кітап оқу мәдениеті мен баспа ісін 2027-2031 жылдары дамыту жолдары талқыланды.
Іс-шараға өңір ардагерлері, кітапханашылар, мәдениет және білім беру салаларының мамандары, зиялы қауым, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова «Оқитын ұлтты қалыптастыру: басым бағыттар мен іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада еліміздегі кітапхана ісін дамыту бойынша басым бағыттар аталып өтті. Олардың қатарында жаңа кітапханалар ашу, кітап қорын толықтыру, оқырман қызығушылығын арттыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелері қамтылды.
Жиында «Кітап оқитын ұлт» бастамасының, Ұлттық цифрлық кітапхананың, республикалық марафонның және «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы маңызына айрықша назар аударылды.
Қатысушыларға «Жезқанат», «Бір өлке – бір кітап», «Оқитын өлке», «Оқырман ұрпақ» және «Шырақ» жобалары таныстырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









