СЫРЫМ АУДАНЫНДА «ҮЗДІК ЛОГОПЕД - 2026» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

    СЫРЫМ АУДАНЫНДА «ҮЗДІК ЛОГОПЕД - 2026» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

    Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше балалардың тілін дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға еңбек етіп жүрген мұғалім-логопедтер арасында «Үздік логопед - 2026» байқауы оздырылды.

    Байқауға қатысқан барлық әріптестеріміз өздерінің кәсіби шеберлігін, шығармашылығын және балаларға деген шексіз сүйіспеншілігін көрсетті.

    🏆 Байқау қорытындысы:

    🥇 1-орын – Зейнуллина Гүлшат
    Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ мұғалім-логопеді

    🥈 2-орын – Кадырова Ынта
    Сырым МББК мұғалім-логопеді

    🥉 3-орын – Букенбаева Фариза
    Көгеріс НОМ мұғалім-логопеді

    Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🌹

    Сіздердің әрбір баланың «ана», «әке» деп алғаш сөйлеуіне себепкер болып жүрген еңбектеріңіз - өлшеусіз. Балалардың жарқын болашағы үшін жасап жатқан жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!

    Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары