«ПОЭТИЧЕСКАЯ ОСЕНЬ»ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ОЗДЫРЫЛДЫ!

    1 / 3

    «ПОЭТИЧЕСКАЯ ОСЕНЬ»ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ОЗДЫРЫЛДЫ!

    Бүгін ауданымыздың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Поэтическая осень» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

    Поэзия – сөз өнерінің асыл қазынасы, адамның жан дүниесін байытып, сезім мен ойға қанат бітіретін ерекше әлем. Байқаудың басты мақсаты – педагогтердің шығармашылық қабілетін шыңдау, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыру және поэзия арқылы өздерінің өнері мен шеберлігін танытуға мүмкіндік беру.

    Қатысушылар шығармашылық ізденісі мен көркем сөзге деген құрметін көрсете білді.

    🏆 Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

    🥇 І орын – Бұлан МББК орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тлеугазиева Айнагуль Амангельдиевна.

    🥈 ІІ орын – Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамзина Жанель Акбаровна.

    🥉 ІІІ орын – Бұлдырты ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исмагулова Арайлым Абилькалыковна.

    🥉 ІІІ орын – Көгеріс НОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Изимова Саида Аскаровна.

    Қатысушы сертификаттарымен марапатталғандар:

    * А. Жұмағалиев атындағы МББК мұғалімі Кенжегарина Аймира Есбулатовна;

    * Талдыбұлақ МББК мұғалімі Айтжанова Назгуль Какимгалиевна.

    Барлық қатысушыларға шығармашылық белсенділіктері мен байқауға жақсы дайындықпен қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

    Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым шабыттарыңыз шалқып, шығармашылық ізденістеріңіз жаңа жетістіктерге жетелей берсін!🍁

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары