ЕҢБЕК ЕЛЕНІП, ЕРЕН ЕҢБЕК ЕРЕКШЕЛЕНДІ!
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында Сырым ауданының білім саласында абыройлы еңбек етіп жүрген ұстаздары жоғары марапаттарға ие болды.
🏅 Ахмамбетова Самал Орынғалиевна – Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
🏅 Кулмуханова Нұржауған Жанатауовна – Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің химия-биология пәні мұғалімі, мектеп директоры «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне ие болды.
Бұл марапаттар – жылдар бойғы табанды еңбектің, кәсіби біліктіліктің, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлестің лайықты бағасы.
Ұстаздық жолда қажырлы еңбек етіп, білім саласының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Марапаттарыңыз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








