МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

    1 / 2

    2026 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызмет көрсету жүйесі мен рәсімдерін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында арнайы түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің №2 МӘС бөлімінің басшысы Қожабаева Г.Т. және №2 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Утельбаева Д.А. қатысты.

    Кездесу барысында қызмет алушыларға:
    🔹 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі;
    🔹 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары;
    🔹 Жиі кездесетін өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту.

    Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі тиімді көрсету – Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары