Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    Саяси реформалар жағдайында мәслихаттардың жұмысы қалай өзгеруі керек және олардың халықпен байланысы қаншалықты тиімді? Бұл мәселелер Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өткен «Өңірлерді дамытудағы мәслихаттардың рөлі» тақырыбындағы сараптамалық кездесуде талқыланды.

    Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    Еліміздің жаңа саяси жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты, қоғам қайраткері Құдайберген Бексұлтанов баяндады. Оның қызметі Қарағанды қалалық мәслихатының алты шақырылымымен байланысты. Соның бесеуінде хатшы қызметін атқарған. Сондықтан ол депутаттық корпустың жұмысын өз тәжірибесіне сүйене отырып түсіндірді. Оның пікірінше, депутат үшін ең бастысы – халықпен тұрақты байланыста болу, тұрғындардың мәселелеріне құлақ асып, күрделі сұрақтардан қашпау.

    Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    – Бүгінде Конституция, конституциялық заңдар және басқа да заңнамалық актілер мәслихаттарға жауапкершілікті толыққанды өз мойнына алып, халықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алайда ең маңыздысы – сайлаушылармен тұрақты байланыс орнату. Депутат халықтың алдына шығып, олардың пікірін тыңдап, қабылданған шешімдерді түсіндіріп, өткір мәселелерден жалтармауы керек. Егер тұрғындар қажетті ақпараттан хабарсыз болса, бұл – депутаттардың да жауапкершілігі. Адамдар өз өкілін танып, оған кез келген уақытта жүгіне алатынын білуі тиіс, – деді Құдайберген Бексұлтанов.

    Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    Мәслихаттардың рөліне қатысты өз пікірін Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Lituanica литвалық этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас та білдірді. Оның айтуынша, реформаларды жүзеге асыру мен Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауда депутаттық корпусқа үлкен жауапкершілік жүктелген.

    Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    – Мәслихат депутаттары – халықпен де, билікпен де тікелей байланыста жұмыс істейтін азаматтар. Оларға жүктелген міндеттерді адал орындау жауапкершілігі зор. Бұл – елдегі өзгерістер, білім беру, экономика мен медицинаны дамыту мәселелері. Сондықтан әр депутаттың ұстанымының берік болуы мен жауапкершілігі айрықша маңызды, – деп атап өтті Виталий Тварионас.

    Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    Кездесу барысында қатысушылар мәслихаттардың өкілеттіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және депутаттардың халықпен байланысын да талқылады. Сонымен қатар өкілді органдардың жұмыс тиімділігін арттыру және олардың өңірлерді дамытудағы рөлін күшейту жолдары қарастырылды.

    Қарағанды облысында мәслихаттардың өңірлерді дамытудағы рөлі талқыланды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары