Абай ауданы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді. Халықпен кездесу 2026 жылғы 20 тамыз күні сағат 16:00-де Абай қаласының Мәдениет үйінде өтеді. Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін). (8-72131) 4-48-00 (ішкі номер 110) телефоны арқылы және [email protected] электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.