Айтыңызшы, инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдауға болады? Олардың саны қанша? Зейнетақы жинағын басқаруға беруге кімдердің құқығы бар? Салымдар қаншалықты қорғалған? Басқарушы компанияны таңдаған кезде басты назарды неге аударған жөн?

    Қарағанды облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Айтыңызшы, инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдауға болады? Олардың саны қанша? Зейнетақы жинағын басқаруға беруге кімдердің құқығы бар? Салымдар қаншалықты қорғалған? Басқарушы компанияны таңдаған кезде басты назарды неге аударған жөн?

    Жауап

    Салымшылардың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кірістерден тұрады. Зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады.

    2023 жылғы 1 шілдеде Әлеуметтік кодекс қабылданған соң, салымшыларға МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне қарамастан, 50% дейін, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) бар сома шегінде ИПБ-ның басқаруына аудару құқығы берілді. Бұдан басқа, сақтандыру компанияларымен өмірлік аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға толық көлемде бере алады.

    ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (уәкілетті орган) ИПБ-ларға ерекше талаптар әзірледі. ИПБ-лар инвестициялық портфельді басқаруға құқық беретін лицензияға, нарықта табысты жұмыс тәжірибесіне және клиенттердің активтерін басқаруға, соңғы бірнеше жыл қорытындылары бойынша қаржы-шаруашылық қызметтің оң нәтижелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялауға байланысты шығындарды жабу үшін меншікті капиталдың жеткілікті мөлшеріне ие болуы және уәкілетті органның тізіліміне енгізілген болуы керек. Бұдан басқа, ИПБ БЖЗҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы, сондай-ақ, БЖЗҚ және кастодиан банкпен үш жақты кастодиандық шарт жасасуы тиіс.

    Қазіргі кезде зейнетақы активтерін басқару бойынша барлық талаптарға сай келетін ИПБ тізіліміне бес компания кіреді: "Jusan invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Олардың тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған.

    Зейнетақы активтерін басқарушылар – Ұлттық Банк пен ИПБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың өзіндік стратегиясына ие. Олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды. Осылайша, ИПБ-лар зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қандай қаржы құралдары пайдаланылатынын Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес рұқсат етілген тізбе шеңберінде өздері айқындайды. Бұл экономиканың түрлі секторларындағы, Қазақстандағы және шетелдегі түрлі валюталардағы қаржы құралдары болуы мүмкін.

    МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аудармас бұрын, олар туралы ақпаратпен танысып, инвестициялық декларацияларын мұқият зерделеуге кеңес береміз. Мұны www.enpf.kz веб-сайтындағы "Қызметтер" - "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесі" бөлімінде жасауға болады. МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі толық статистика да www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді. ИПБ инвестициялық басқаруы үшін инвестициялық кірістің 7,5% аспайтын мөлшерде комиссия алуға құқылы. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ басқару органы бекітеді және ол жылына көп дегенде 1 рет өзгеруі мүмкін. 2023 жылға арналған ИПБ комиссиялық сыйақысы туралы өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" - "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде орналастырылған.

    Инвестициялық қалауыңызға неғұрлым сәйкес келетін ИПБ-ны таңдағаннан кейін БЖЗҚ-ға МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аудару туралы өтінішпен жүгіну қажет. Мұны enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе БЖЗҚ кеңселерінің біріне бару арқылы жасауға болады.

    МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде аударылады. БЖЗҚ мәлімделген соманы ИПБ-ға аударғанға дейін оның күшін жоюға болады. Қарау мәртебесін Қордың сайтындағы Жеке кабинетте тексеруге болады.

    МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне жылына көп дегенде 1 рет аударуға болады. Егер сіз жинақтарды ҚРҰБ басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда зейнетақы жинақтарын МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен ҚРҰБ-тан ИПБ-ға бергеннен кейін бір жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.

    Салымшы зейнет жасына жеткенге дейін 10 жұмыс күні бұрын салымшының МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен барлық зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

    Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады, ол нарықта қолданыстағы ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігі негізге алына отырып есептеледі. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа өлшенген кірістілік көрсеткіштері ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында есептеледі және жарияланады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мен Қырғызстан азаматы бола отырып, Қазақстан Республикасында жұмыс істеймін. Түсіндіріп жіберіңізші – ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттер азаматтарының еңбек өтілі туралы мәліметтерді кім ұсынады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 163, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 304 бірлескен бұйрығымен 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшіле...

    Сұрақ

    Мен 61 жастамын. Жақында интернетте зейнетақы жинақтарын ең төменгі шек есебінсіз мерзімінен бұрын алуға көмек көрсету бойынша қызметтер ұсынатын хабарламаны көрдім. Оларға сенуге бола ма?

    Жауап

    Шынында да, қазір алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар зейнетақы жинақтарын ең төменгі жеткіліктілік шегін (бұдан әрі – ТЖШ) есепке алмай-ақ пайдалану мүмкіндігі туралы жазады. Бұл таратылым "жалған ақпарат" – шындыққа сәйкес ке...

    Сұрақ

    Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын аудару деректемелерінің өзгергенін естідім. Солай ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Банк-Клиент" қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесіне көшуінің аяқталуына байланысты, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ның тек жаңа деректемелері бойынша аудару қажет. Атауы Деректемелер Бенефициардың БСК NBRKKZKX...

    Сұрақ

    Мен салымшыларға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдері туралы білгім келеді. Салымшы БЖЗҚ-ға телефон нөмірінің немесе тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарлауға міндетті ме?

    Жауап

    Қазір зейнетақы жинақтары туралы ақпараттандырудың ең жедел тәсілі – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы интернет-ақпарат алу. Егер бұрын салымшы өзінің жинақтары туралы ақпаратты пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы алған болса, қа...

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мәселесі бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағында айтылады: «жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үші...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік нысанын салу үшін немесе шаруа (фермер) қожалығы үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру немесе жалға беру сауда-саттықт (конкурстарда, аукциондарда) арқылы жүзеге асырылады. Сіз аукционға қойылған жер учаскелерінің тізбесімен ozo-karaganda.kz сайтындағы «ақпараттық стен...

    Сұрақ

    Субсидияны қалай алуға болады? (ауыл шаруашылығы)

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органмымен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтары...

    Сұрақ

    ӘАК қалай алуға болады?

    Жауап

    тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Қазақстан Республика...