Астанада кәсіптік шеберлік бойынша XI республикалық WorldSkills Kazakhstan 2026 чемпионаты басталды. Ауқымды байқауға еліміздің 20 өңірінен 800-ден астам қатысушы жиналды. Қарағанды облысының атынан 50 студент пен жас маманнан құралған құрама команда сынға түсіп жатыр.

Чемпионат 25–30 қараша аралығында өтеді. Қатысушылар 44 құзыреттілік бағыты бойынша жеңімпаз атану үшін бақ сынайды. Олардың кәсіби дағдыларын мыңға жуық сарапшы бағалайды. Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – конкурстық тапсырмаларға жасанды интеллект құралдарының енгізілуі.

Қарағандылықтар өз шеберлігін 41 құзыреттілік бағыты бойынша көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









