Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Ғабит Қаламанович Калиякасов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысты.
Брифинг барысында «Кедендік бақылау» тақырыбы бойынша түсіндірме берілді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылаудың құқықтық негіздері, оның негізгі нысандары мен жүзеге асыру тәртібі, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеру, сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейінгі бақылау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар кедендік бақылауды жүзеге асыруда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, тәуекелдерді басқару жүйесінің рөлі және кедендік рәсімдерді жеңілдету жолдары туралы айтылды.
Брифинг барысында кедендік бақылаудың заңсыз тауар айналымының алдын алудағы, мемлекеттік бюджетке түсетін кірістерді қамтамасыз етудегі және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғаудағы маңызы атап өтілді.
Келіп түскен сұрақтарға спикер тарапынан жан-жақты әрі түсінікті жауаптар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









