20 ЖӘНЕ 25 ҚАРАША – САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ
Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2026 жылғы қараша айында салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері жақындағанын еске салады.
20 қарашаға дейін:
328.00 нысаны бойынша өтінішті ұсыну;
ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу
Акциздерді төлеу.
25 қарашаға дейін:
2026 жылдың III тоқсаны үшін ҚҚС төлеу;
Жеке табыс салығын төлеу;
Әлеуметтік салықты төлеу;
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін аудару;
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу;
Корпоративтік табыс салығы бойынша тиісті төлемдерді жүзеге асыру.
Маңызды!
Әрбір салық төлеуші өзіне қатысты салықтық міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауы қажет.
Салықтар мен міндетті төлемдерді уақытылы төлеу өсімпұл есептелуінің және берешектің туындауының алдын алады.
Салықтық міндеттемелеріңізді соңғы күнге қалдырмаңыз!
#законипорядок
#заңментәртіп
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









