2026 жылы Қазақстанда салықтық әкімшілендіру қызметтері жаңа Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесіне (ИСНА) кезең-кезеңімен көшірілуде.
Жаңа Салық төлеушінің кабинеті азаматтар мен кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін онлайн орындауға мүмкіндік береді.
ЖЕКЕ КАБИНЕТТІҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ:
Салық есептілігін тапсыру – салық декларацияларын электрондық түрде толтыру және ұсыну.
Салық берешегін тексеру – бюджет алдындағы берешектің бар-жоғы туралы мәлімет алу.
Жеке шотты қарау – есептелген және төленген салықтар, әлеуметтік төлемдер туралы ақпаратпен танысу.
Хабарламаларды алу – мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен хабарламаларды қарау.
Салықтық өтініштер беру – артық немесе қате төленген сомаларды есепке жатқызу және қайтару бойынша өтініштер жолдау.
Есептілік мәртебесін бақылау – тапсырылған салық есептілігінің өңделу нәтижесін тексеру.
Салық есептілігінің нысандарын көрсету – тапсырылуға жататын есептілік нысандарын белгілеу.
ЖЕКЕ КАБИНЕТКЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?
knp.kgd.gov.kz сайтына өтіңіз.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүйеге кіріңіз.
Қажетті қызметті таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ!
Салық төлеушілерге жеке кабинетке тұрақты түрде кіріп, хабарламаларды, салық берешегін және есептілік мәртебесін уақытылы тексеру ұсынылады.
Салық міндеттемелерін онлайн орындау – уақытты үнемдеудің және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді пайдаланудың тиімді жолы!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









