2026 ЖЫЛЫ САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулерді жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

    САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ:

    Кешенді тексеру – салық міндеттемелерінің орындалуын жан-жақты тексеру;

    Тақырыптық тексеру – жекелеген салықтық мәселелерді тексеру;

    Қарсы тексеру – салық төлеушілер арасындағы операцияларды нақтылау;

    Хронометраждық зерттеп-қарау – қызметтің нақты көрсеткіштерін анықтау.

    ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

    Салықтық тексеру тиісті нұсқама негізінде жүргізіледі. Тексерудің жалпы мерзімі – 30 жұмыс күні. Заңнамада көзделген жағдайларда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

    САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ:

    Тексерудің негіздері мен тәртібі туралы ақпарат алу;

    Тексерушілердің қызметтік куәліктері мен нұсқамасын талап ету;

    Тексеру нәтижелері бойынша түсініктеме және қарсылық білдіру;

    Мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне шағымдану;

    Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

    МАҢЫЗДЫ!

    Салықтық тексеру барысында салық төлеушілердің құқықтарын сақтау және тексеру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету – мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі.

    Құқықтық негіз: ҚР Салық кодексінің 151–163 және 169-баптары.

    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары