Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік декларацияға қандай жағдайларда түзетулер енгізіледі?
Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерге өзгерістер немесе толықтырулар тауарлар шығарылғаннан кейін ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен енгізілуі мүмкін. Мұндай қажеттілік, мысалы, тауардың сыныптамасына, кедендік құнына, шығу тегіне немесе кедендік төлемдер мен салықтарды есептеуге әсер ететін мәліметтерде қателер анықталған жағдайда туындауы мүмкін.





