2026 жылғы акциз мөлшерлемелері: негізгі өзгерістер

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

    2026жылғы акциз мөлшерлемелері:негізгі өзгерістер

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгеріп, акциз салынатын тауарлар тізбесі кеңейтілді. Мөлшерлемелер Салық кодексінің 537-бабында белгіленген.

    1. Энергетикалық сусындарға акциз енгізілді

    2026 жылы мөлшерлеме 1 литр үшін 100 теңгені құрайды. Алдағы жылдары ол кезең-кезеңімен өседі:

    Жыл

    1 литрге акциз

    2026

    100 теңге

    2027

    140 теңге

    2028

    180 теңге

    2029

    200 теңге

    2030 жылдан бастап

    240 теңге

    Бұл — 2026 жылдан бастап енгізілген жаңа акциз түрі.

    1. Алкоголь өнімдеріне қолданылатын негізгі мөлшерлемелер

    Өнім түрі

    Акциз мөлшерлемесі

    Алкоголь өнімдері, шарапты, шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда

    100 пайыздық спирттің 1 литріне 2 805 теңге

    Шарап

    1 литрге 38 теңге

    Сыра және сыра сусыны

    1 литрге 99 теңге

    Этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан аспайтын сыра және сыра сусыны

    1 литрге 0 теңге

    Назар аударыңыз: 2 805 теңге мөлшерлемесі дайын сусынның бір литріне емес, оның құрамындағы 100 пайыздық спиртке шаққанда қолданылады.

    1. Темекі өнімдерінің мөлшерлемелері

    2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін:

    Өнім түрі

    Акциз мөлшерлемесі

    Сүзгілі және сүзгісіз сигареттер, папиростар, сигариллалар

    1 000 данаға 18 051 теңге

    Сигаралар

    1 данаға 825 теңге

    Тұтынушылық қаптамадағы түтік, шегетін, қорқор және өзге темекі

    1 килограмға 15 863 теңге

    Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар

    1 000 данаға 11 230 теңге

    Темекі өнімдерінің бірқатар түрлері бойынша кейінгі жылдарға арналған мөлшерлемелер де белгіленген.

    1. Қымбат көлік құралдарына 10 пайыздық акциз

    Сатып алу құны белгіленген шекке жететін немесе одан асатын көлік құралдарына құнының 10 пайызы мөлшерінде акциз қарастырылған:

    — жеңіл автомобильдерге — 18 000 АЕК-тен бастап;
    — кемелерге — 24 000 АЕК-тен бастап;
    — әуе кемелеріне — 24 000 АЕК-тен бастап.

    2026 жылғы АЕК — 4 325 теңге болғанда, бұл шектер тиісінше 77 850 000 теңге және 103 800 000 теңгені құрайды.

    Акцизді есептеген кезде тауардың нақты түрін, өлшем бірлігін және тиісті кезеңге белгіленген мөлшерлемені ескеру қажет.

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 ж. 2 тоқсанда Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қапарат: Жалпы 2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша 20 080 қызмет көрсетілді оның ішінде қағаз жүзінде- 12 ақпараттық жүйелер а...

    Есеп

    2026 ж. 3тоқсанда Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер

    Жалпы 2026 жылдың 9 айына 39 198 қызмет көрсетілді. Заңды тұлғаларға 9 552 қызмет, жеке тұлғаларға 25 646 қызмет, оның ішінде -қағаз жүзінде -27 қызмет; -ақпараттық жүйелер арқылы , қызмет берушінің тікелей қатысуынсыз-...

    Есеп

    2026 ж 3 тоқсан. Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметтер

    Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы қапарат: Жалпы 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша 19 520 қызмет көрсетілді оның ішінде қағаз жүзінде- 22 ақпараттық жүйелер а...

    Ақпарат

    2026 жылғы салықтық тексерулердің түрлері: олардың айырмашылығы қандай?

    2026жылғы салықтық тексерулердің түрлері:олардың айырмашылығы қандай? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіліп, салықтық тексерулерді жүргізу тәртібіне өзгерістер ен...

    Ақпарат

    Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы

    Көлік құралдары салығын кімдер төлейді? Қазақстан Республикасында меншік құқығында салық салу объектісі болып табылатын көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объе...

    Ақпарат

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы Мүлік салығын кімдер төлейді? Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектілеріне тұрғы...

    Ақпарат

    2026 жылдағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік

    МБ-ға салық түсімдері бойынша жылдық жоспар 76%-ға орындалды (жоспар – 397,6 млрд теңге, түскені – 301,2 млрд теңге). РБ-ға салық түсімдері бойынша жоспар 62%-ға орындалды (жоспар – 274,6 млрд теңге, түскені – 170,3 млрд...

    Ақпарат

    2026 жылғы 1-жартыжылдықтағы бюджеттің орындалуы туралы есептілік

    2026 жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша МБ-ға салықтық түсімдер жоспары 101,4%-ға орындалды (жоспар – 231,3 млрд теңге, нақты түсім – 234,5 млрд теңге). Жоспар 3,3 млрд теңгеге артығымен орындалды. РБ-ға салықтық...