МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАР – 2026: НЕ ӨЗГЕРДІ?

    2026 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстанда жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын бақылаудың ақшалай шекті мөлшері ұлғайтылды.
    Жаңа шекті мөлшер – 360 АЕК (1 557 000 теңге).
    Банктер төмендегі талаптар бір мезгілде орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер ұсынады:
    Қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі жеке тұлғадан ақша аударымдары түссе.
    Үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 1 557 000 теңгеден асса.
    Қаражат кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банктік шотқа түссе.
    Туыстар арасындағы аударымдарға салық салына ма?
    Жоқ. Туыстар мен достар арасындағы аударымдар, қарызды қайтару және жеке мақсаттағы басқа да түсімдер өздігінен кәсіпкерлік табыс болып саналмайды.
    Маңызды!
    Белгіленген талаптарға сәйкес келу автоматты түрде салық есептеуге немесе банк шотын бұғаттауға негіз болмайды.
    Бақылаудың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік қызметтен алынған декларацияланбаған табыстарды анықтау.
    Негіздеме: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 718 бұйрығы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары