Ақсу ауданының прокуратурасы білім беру саласының 1,7 мыңнан астам қызметкерінің профилактикалық медициналық тексерулерден уақтылы өтуге қатысты конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.
Мектептерде, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында қызметкерлердің медициналық тексерулерден, оның ішінде скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуіне кедергі келтірген заң бұзушылықтар анықталды.
Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген денсаулығын сақтау құқықтарына нұқсан келтірген.
Аудан прокуратурасының енгізген ұсынуы негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, еңбек және денсаулық сақтау салаларындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




