Жетісу облысында жауаптылықтан жалтару әрекеті қылмыстық іске ұласты

    Талдықорған қаласының прокуратурасы әкімшілік істі зерделеу барысында жауаптылықтан босатылу мақсатында сотқа жалған медициналық анықтама ұсыну фактісін анықтады.

    Анықталғандай, «Hyundai Sonata» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша сотта істі қарау кезінде жүктілігі туралы жеке клиниканың анықтамасын ұсынған.

    Алайда прокуратура жүргізген қарсы тексеру барысында азаматшаның аталған медициналық мекемеге жүгінбегені, медициналық тексеруден өтпегені және оған жүктілік туралы анықтама берілмегені анықталды.

    Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігімен (жалған құжаттарды жасау)сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

    Сонымен қатар, сот қаулысымен азаматшаға 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазалар тағайындалды.

    Сот қаулысы заңды күшіне енді.

    Бүгінгі танда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

    Жетісу облысының прокуратурасы сотқа жалған құжаттар ұсыну заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары