Жетісу облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

    Қаратал ауданының прокуратурасы «Айқын нәтиже» жобасы шеңберінде полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтті.

    Аудандық полиция бөлімінің ғимаратында арнайы профилактикалық кабинет ашылып, онда құқық бұзушылық жасаған 33 адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, зардап шеккен 16 тұлғаға, оның ішінде 11 әйел мен 5 кәмелетке толмағанға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілуде.

    Прокуратура қылмыстық істерді сотқа жедел жолдау тәжірибесін енгізді. Жыл басынан бері Қаратал ауданында 17 адамға қатысты сот үкімдері бір тәулік ішінде шығарылды. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 98-3-бабына(Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу)сәйкес 11 сотталғанға алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуға толық немесе ішінара тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленді.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қаратал ауданында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны 5,6%- ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 7,7%- ға, ал алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар саны 5%- ға төмендеді. Отбасылық-тұрмыстық салада қайталама қылмыстар тіркелген жоқ.

    Жетісуоблысыныңпрокуратурасытұрмыстықзорлық-зомбылықтыңалдыналу,азаматтардыңқұқықтарынқорғаужәнеқұқықбұзушылықтардыңқайталануынажолбермеубағытындағыжұмыстыбарлықаудандардажүйелітүрдежалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары