Жетісу облысында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар сотталды

    Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен «CVK» танымал брендін бүркемелеу ретінде пайдаланған екі жергілікті тұрғын ұйымдастырған қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметі тоқтатылды.

    Анықталғандай, ерлі-зайыптылар азаматтарға салынған қаражаттан табыс табуға уәде беріп, инвестициялық «пакеттер» деп аталатын өнімдерді сатып алуды ұсынған.

    Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін ақшалай сыйақылар мен сыйлықтар түріндегі қосымша бонустар беруге уәде еткен.

    Заңсыз әрекеттердің салдарынан 21 салымшы зардап шекті.

    Соттың үкімімен ерлі-зайыптылар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігі(қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету)бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.Үкім заңды күшіне енді.

    Жетісу облысының прокуратурасы азаматтардықаражатсалукезінде сақ болуға шақырады.Жоғарытабысқа,кепілдендірілген пайдаға және жаңақатысушыларды тартқаны үшін сыйақы беругеқатысты уәделер қаржы пирамидасының белгілеріболуы мүмкін.

    Қаржылық шығындарға жол бермеу үшінинвестициялық ұйымдардың қызметін,қажеттірұқсаттарыныңбар-жоғын тексеріп,күмәндіжобаларға қаражат салмау ұсынылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары