«Саналы ұрпақ» жобасы шеңберінде балаларға кино көрсетілімі ұйымдастырылды

    Жетісу облысының прокуратурасымен «Саналы ұрпақ» жобасы шеңберінде «Айналайын» орталығының тәрбиеленушілері мен түрлі мектептердің оқушылары үшін «Атамекен» кинотеатрында фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ге тарта бала қатысты.

    Күзгі демалыс кезінде өткізілген кино көрсетілімі балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, мәдени құндылықтарға баулуға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

    Осындай іс-шаралар тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуіне, мінез-құлық мәдениетін, өзара сыйластық пен айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Балалардың жасы мен қызығушылықтарын ескере отырып, бос уақытын ұйымдастыру – профилактикалық жұмыстың бір бағыты. Кәмелетке толмағандарды мәдени және тәрбиелік іс-шараларға тартуға, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді.

    «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды тәрбиелеуге және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары