Жұмыс іздеудің жаңа мүмкіндігі – онлайн жәрмеңке

    1 / 2

    Бүгінде цифрлық технологиялар жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу үдерісін едәуір жеңілдетіп отыр. Соның бір дәлелі – азаматтарға үйден шықпай-ақ бос жұмыс орындарымен танысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін TANDA.ENBEK.KZ онлайн-платформасы.

    Аталған платформада 2026 жылғы 9–10 қараша күндері Ақтөбе қаласында онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 10 жұмыс беруші қатысып, 40 өзектібос жұмыс орындарынұсынды. Ал жұмысқа орналасуға ниетті 23 азамат жәрмеңке аясында ұсынылған мүмкіндіктермен танысты.

    Платформаның басты артықшылығы – жұмыс іздеу үдерісінің бастапқы кезеңдерін қашықтан жүзеге асыруға жағдай жасауы. Үміткерлер жұмыс берушілердің виртуалды стендтерін аралап, бос жұмыс орындары мен еңбек жағдайларын зерделей алады, түйіндеме жолдап, онлайн-чат арқылы сұрақтарына жауап алады. Бұл – уақытты үнемдеп, жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы байланысты жеңілдететін тиімді тәсіл.

    Онлайн жәрмеңкелер азаматтардың жұмыспен қамтылу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара тоғысуына ықпал етеді.

    Айта кетейік, Ақтөбе облысында қазіргі уақытта Электрондық еңбек биржасы – www.enbek.kz порталында 3 000-нан астам бос жұмыс орны жарияланған. Әсіресе білім беру, өндіріс, көлік және логистика, сауда, қоймалау, медицина, фармацевтика, құрылыс, қаржы және мұнай-газ салаларында мамандарға сұраныс жоғары.

    Азаматтар бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Электрондық еңбек биржасы –enbek.kz порталынан қарап, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарына жүгініп, мамандардан кеңес ала алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары