«Пробация үйі»: Жетісу облысында сотталғандардың қоғамға толыққанды еніуне жағдай жасалуда

    Жетісу облысының прокуратурасы «Заңментәртіп» идеологемасын іске асыруүшінпробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру жұмыстарын жалғастыруда. Өңірде 2025 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Пробация үйі » әлеуметтік-профилактикалық жобасы қайталама қылмыстардың алдын алуда және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетуде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

    Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, өңірдің барлық аудандарында құқықтық, медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді, жұмысқа орналасуға және қоғамға бейімделуге жәрдемдесуді қамтамасыз етуде.

    Прокуратура органдарының жұмысы нәтижесінде облыстағы есепте тұрған адамдардың 90%-ы әлеуметтік, құқықтық және материалдық қолдаумен қамтылды.

    Ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы 36 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 397 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 197 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 543 адам білікті психологиялық қолдауға ие болды. Сонымен қатар, 166 адамға заң көмегі көрсетіліп, 35 азамат азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 30 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі – тұрғын үй мәселесін шешуге көрсетілген көмек. Атап айтқанда, есепте тұрған азаматтардың бірінің отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

    Есепте тұрған адамдардың отбасыларындағы жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу жылыныңқарсаңында28 жасөспірім мектеп құралдарыменқамтамасыз етілді.

    Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және құқық қорғау мәселелері бойынша кешенді қолдау көрсету құқық бұзушылықтардың алдын алудың және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды негізі болып табылады.

    Жетісу облысының прокуратурасы заңдылықтың сақталуына қадағалауды және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, «Пробация үйі» жобасын іске асыруды жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының прокуратурасы" жаңалықтары