Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

    1 / 3
    2026 жылғы 10 қазанында Г. Сәдуақасованың төрағалығымен VIII шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс елу сегізінші сессиясы өтті. Отырыс ZOOM бейнеконференция форматында өтті.
    Күн тәртібіне аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-37/2 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» және 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-14/4 «Шортанды ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер енгізілді.
    Аталған мәселелер бойынша «Шортанды аудандық мәслихат аппараты» ММ аппаратының басшысы С.Әкімжанова сөз сөйледі.
    Депутаттар аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған өзгерістерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.
    Сондай-ақ сессияда Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін оқудан кейін келген немесе оралған мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2026 жылға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау беру туралы мәселе қаралды.
    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
    Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының мәслихаты" жаңалықтары