Шортанды аудандық мәслихатының сессиялары өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Шортанды аудандық мәслихатының сессиялары өтті
    2026 жылғы 28 және 29 қыркүйекте Г.Сәдуақасованың төрағалығымен VIII шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезектен тыс 56-шы және 57-ші сессиялары өтті. Отырыстар бейнеконференция форматында өтті.
    Сессия жұмысына Шортанды ауданының әкімі С. Шабаров, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері қатысты.
    Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер 2027-2029 жылдарға арналған аудан, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерін қарау болды.
    Аталған мәселе бойынша ауданның «Экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы Ж. Мұнтаева сөз сөйледі.
    Отырыс барысында алдағы үш жылдық кезеңге жоспарланған бюджеттік көрсеткіштер, шығыстардың басым бағыттары және ауданның, кенттер мен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі міндеттер қаралды.
    Депутаттар ұсынылған ақпаратты тыңдап, бюджеттердің негізгі ережелерін талқылап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
    Бюджеттерді қарау және бекіту бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ауданның одан әрі дамуын жоспарлаудың маңызды кезеңі болып табылады.
    Аудандық мәслихаттың баспасөз орталығы
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары