1 / 4
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамтамасыз ету, бос жатқан жерді пайдалану, жер кезегі, тал кесу туралы сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғындар Қылышбай ақын 1-тұйығы, Ақмола және Ташкент, Қазыбек би көшелеріндегі арықтарды тазалау, бетон лотоктар орнату, заңсыз сауда жасаумен күрес, Байзақ батыр көшесін тазалау және аулаларды абаттандыру бойынша мәселе көтерді.
Сондай-ақ «Казфосфат» ЖШС-нің фосфор қалдықтарын заңсыз тастауына тосқауыл қою туралы өтініш жолдады.
Қала әкімі өз кезегінде әрбір сауалға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелер заң аясында өз шешімін табатынын жеткізді.









