Таразда 9 күндік нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

    Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жүрегінде туабітті ақауы бар 9 күндік шақалаққа күрделі ота жасалды.

    Дүниеге келгеніне 9 күн ғана болған нәрестеге магистральді артериялардың транспазициясы деген диагноз қойылған. Бұл – жүректің туа біткен күрделі ақауы. Мұндай жағдайда ота баланың өмірге келген алғашқы күндерінде жасалады.

    Отаны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Дмитрий Горбунов пен Жамбыл облысының штаттан тыс бас балалар кардиохирургі Икромжон Мухамедов сәтті жүзеге асырды.

    Жалпы, жыл сайын облыста 200-250 балада туа біткен жүрек ақауы анықталады. Олардың ішінде 15-20 нәресте өмірінің алғашқы күндерінен бастап шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жүректің ауыр ақауларымен дүниеге келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары