Грант беру конкурсына өтінімдер қабылдануда

    «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА!
    23 қараша мен 7 желтоқсан аралығында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына қатысу үшін өтінім бере алады.

    Конкурс 6 бағыт бойынша өткізіледі:

    Ғылым — ғылыми жобалар мен зерттеулер;
    Мәдениет — мәдени мұраны, ұлттық дәстүрлер мен өнерді дәріптеу;
    Ақпараттық технологиялар — IT-жобалар мен стартаптар;
    Бизнес — жаңа бизнес-идеяларды іске асыру;
    Медиа — жастарға арналған жаңа медиажобалар мен пайдалы контент әзірлеу;
    Волонтерлік — өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамалар.
    Грант жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, белсенді әрі шығармашыл жастар қауымдастығын дамытуға қолдау көрсету мақсатында беріледі.

    Әрбір қатысушы алты бағыттың бірін таңдап, тек бір өтінім бере алады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі бір жылдан аспауы тиіс.

    Құжаттарды қабылдау мекенжайы:

    Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 1, 3-қабат, 303-кабинет.

    Анықтама телефоны: 8 (7262) 45-99-90.

    Өз идеяңды жүзеге асыруға мүмкіндік ал!

    «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты — жаңа бастамаларға жол ашатын мүмкіндік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары