Әлеуметтік қызметкер – мейірімділік пен қамқорлықтың көрінісі

    1 / 5

    Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында 25 қазан – Республика күніне орай Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа құрмет көрсетілді.

    Салтанатты жиында қала әкімі Бақытжан Орынбеков жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, елдің дамуы мен өркендеуіндегі азаматтар еңбегінің маңызын атап өтті.

    «Республика күні – еліміздің мемлекеттілік тарихындағы маңызды белес, тәуелсіздігіміздің бастауларын айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн бізге Отан алдындағы жауапкершілікті сезініп, туған жеріміздің игілігі жолында бірлесе еңбек етудің маңызын еске салады», – деді қала әкімі.

    Сондай-ақ шаһар басшысы Тараздың көркеюі мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жолында адал еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

    Жиын барысында өңірдің дамуы мен қаланың өркендеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа облыс және қала әкімдерінің марапаттары табысталды.

    Салтанатты шара соңында марапат иелеріне толағай табыс, еңбектеріне береке тілеп, ел игілігі жолындағы қызметтің маңызы атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары