«ЖАСЫЛ ЕЛ»: XXII ЕҢБЕК МАУСЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 8

    Абай облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII еңбек маусымының қорытындысына арналған кеңес отырысы өтті.

    Жиынға жұмыс беруші мекемелердің өкілдері, жастар ресурстық орталықтарының директорлары және еңбек жасақтарының жұмысын үйлестірушілер қатысты.

    Кеңес барысында жобаны жүзеге асырған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының өңірлік филиалының төрағасы Қуаныш Панарбекұлы Молдақашев баяндама жасап, биылғы еңбек маусымының негізгі нәтижелері мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.

    2026 жылы Абай облысы бойынша бағдарламаға 12 жұмыс беруші тартылып, 1001 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 524-і – ер, 477-сі – әйел.

    Биылғы маусымның маңызды көрсеткіштерінің бірі – жобаға қатысушылардың 93 пайызының алғаш рет еңбек шартын жасасуы. Бұл бағдарлама жастардың алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауына, жауапкершілігін арттыруына және еңбек мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік бергенін көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ" жаңалықтары