Таразда Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды

    Республика күні қарсаңында Тараз қаласында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары басталды. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

    Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
    Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

    Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

    Тараз қаласында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

    «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі

    Республикалық «Republic Day» акциясы: «Luxury» (Қонаев көшесі, 39), «Status» (Қонаев көшесі, 29), «Davmir» (Тәуке хан көшесі, 1В), «Диана» («Мыңбұлақ» шағын ауданы, 18), «Free Moda» (Жамбыл даңғылы, 149), «Дос-нар» (Төле би көшесі, 1А), «Taraz Mall» (Төле би көшесі, 22А), «Алатау» (Төле би көшесі, 65), «Аулие ата» (Қазыбек би көшесі, 105), «Март» (Төле би көшесі, 27).\

    Республикалық «Bereke Fest» акциясы: «Вкусная корзинка» (Бауыржан Момышұлы көшесі, 27), «Вкусная корзинка» (Сәтпаев көшесі, 5А), «Вкусная корзинка» (Ниетқалиев көшесі, 70А), «Вкусная корзинка» (Рысқұлов көшесі, 5У), «Фиркан» (Телецентр, 2Д), «Фиркан» («Алатау» шағын ауданы, 11В), «Фиркан» («Салтанат» шағын ауданы, 31/1), «Нурислам» (Ташкент көшесі, 118), «Нурислам» (Әл Фараби көшесі, 7/5), «Даниял даму» («Ақбұлақ» шағын ауданы, 13А).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары