Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    1 / 7

    Тараз қаласындағы «Жастар аллеясында» «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

    Жәрмеңкеге жергілікті шаруалар мен тауар өндірушілер қатысып, тұрғындарға өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелерінен ет, сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік түрлері орын алды.

    Айта кетейік, жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің бағасы нарықтағы құнынан 10–15 пайызға төмен болды. Нәтижесінде қала тұрғындары сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.

    Аталған шара отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, делдалсыз сауданы дамытуға және тұрғындарды қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары